02.05.2023

Қарағандыдан жаңа тікелей рейс ашылды

SU-95 1 мамырда жергілікті уақыт бойынша, сағат 02.10-да Қарағанды әуе айлағына қонды.
Жолаушыларды қарсы алу салтанатты түрде өтті. Тіркеу үстелінде, сондай-ақ келген жолаушылар үшін ұлттық тағамдардан фуршет дастарханы ұйымдастырылды. 
Зайнап Мифтахқызы Қазақстанға күйеуімен алғаш рет ұшып келді: - «Әуежайға кіре салып, жақсы әсер алдық. Қазақстанға бірінші рет келуім еді, біршама толқу болды. Бірақ, ұлттық киім киген Қыздарды көріп, ұллтық әуенді естігенде қонақжай елге келгенімізді түсіндім. Көңіл бөліп, қарсы алғаны үшін әуежайға рахмет айтамын» - деп бөлісті.
Ресейлік «RedWings» әуе компаниясы 2023 жылдың 1 мамырынан бастап Екатеринбург-Қарағанды-Екатеринбург бағыты бойынша аптасына бір рет ұшуды жоспарлап отыр.
Авиарейстердің ұлғаюы және әуеқатынасының географиясының кеңеюі Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң әсерін тигізеді.