14.03.2022

Конкурс

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі №501 бұйрығымен бекітілген әуежай аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларында көрсетілген талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

Лоттар бойынша конкурстық құжаттама пакетін 2022 жылғы "27" наурызға дейінгі мерзімде, қоса алғанда, Қарағанды қаласы, "Сары-Арқа" әуежайы, Маркетинг және Коммерция бөлімі, 3-қабат мекенжайы бойынша сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін немесе әуежайдың Интернет-ресурсында алуға болады.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2022 жылғы "28" наурыз 10 сағат 30 минутқа дейін.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссия 2022 жылғы "28" наурызда 12 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша ашады: Қарағанды қаласы, "Сары-Арқа" әуежайы, 3 қабат, Конференц зал.

Әлеуетті өнім берушілер және олардың өкілдері (бірінші басшының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған сенімхатты ұсына отырып) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.