27.10.2023

Әуежай аумағында жердегі қызмет көрсету қызметтерінің бір бөлігін көрсету үшін өнім берушіні іріктеу бойынша қайта конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Сары-Арқа» Әуежайы» АҚ әуежай аумағында жердегі қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге қол жеткізу бойынша, атап айтқанда жүк терминалында жиырма төрт сағаттан астам жүкті сақтау қызметі туралы қайта конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы «02» қазандағы № 750 бұйрығымен бекітілген әуежайларда жердегі қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

Лот бойынша конкурстық құжаттама пакетін 2023 жылдың «26» желтоқсанға дейінгі мерзімде, қоса алғанда, Қарағанды қ., «Сары-Арқа» әуежайы, Маркетинг және Коммерция бөлімі, 3 қабат, сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін немесе әуежайдың Интернет-ресурсында алуға болады http://www.kgf.aero/ru.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылдың «27» желтоқсаны 13 сағат 00 минутқа дейін

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия 2023 жылдың «27» желтоқсанда сағат 15: 00-де келесі мекенжай бойынша ашады:  Қарағанды қ., «Сары-Арқа» әуежайы, 3 қабат, Конференц-зал.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың өкілдері (бірінші басшының қолымен және мөрімен (бар болса) расталған сенімхатты ұсына отырып, конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпаратты 8 (7212) 42 85 91 тел.арқылы алуға болады.

 

Конкурсная документация 27.10.2023

Приложение 1 Техническая спецификация

Приложение 2 Критерии оценок

Приложение 3 Компенсационный платёж

Приложение 4 Договор

Приложение 5 Заявка

Приложение 6 Перечень спец.техники и средств наземного обеспечения

Протокол вскрытия

Протокол итогов