22.11.2023

«Сары-Арқа» Әуежайы» АҚ конкурс өткізілуі туралы хабарлайды.

«Сары-Арқа» Әуежайы» АҚ-тың аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу бойынша, атап айтқанда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін әуежай пайдаланушысының қоғамдық тамақтану объектілеріне арналған 1 (бір) шаршы метр алаңын жалға алу бойынша конкурс өткізілуі туралы хабарлайды.

 

Конкурс келесі лоттар бойынша жарияланады:

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі №501 бұйрығымен бекітілген әуежай аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларында көрсетілген талаптарға жауап беретін барлық ықтимал өнім берушілер жіберіледі.

Лоттар бойынша конкурстық құжаттама пакетін 2023 жылдың «07» желтоқсанына дейінгі мерзімде, қоса алғанда, Қарағанды қаласы, «Сары-Арқа» Әуежайы, Маркетинг және Коммерция бөлімі, 3-қабат мекенжайы бойынша сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін не әуежайдың Интернет-ресурсында алуға болады.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылдың «08» желтоқсанның             9 сағат 00 минутқа дейін.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттер конкурстық комиссиямен 2023 жылдың «08» желтоқсанында 12 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша ашылады: Қарағанды қаласы, «Сары-Арқа» Әуежайы, 3 қабат, Конференц зал.

Ықтимал өнім берушілер және олардың өкілдері (бірінші басшының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған сенімхатты ұсына отырып) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпаратты 8 (7212) 42 85 91 телефоны арқылы алуға болады.

Конкурсная документация

Приложение 1 Техническая спецификация

Приложение 2 Схема

Приложение 3 Проект договора

Приложение 4 Заявка

Протокол вскрытия

Протокол итогов